Бұл қалай жұмыс істейді

Сатып алу-төлеу процесі

  • 1
    inDrive Сатып алу тапсырысын жасайды

    Жабдықтаушы жұмысқа кіріп келісімшарт жасалғаннан кейін біз келісілген қызметтер мен бағалардың негізінде нақты нөмірі бар сатып алу тапсырысын жасаймыз. Сатып алу тапсырысы жабықтаушыға электрондық поштамен жіберіледі.

  • 2
    Жабдықтаушы шот-фактураны Шот төлеу бөліміне жібереді

    Сатып алу тапсырысын алғаннан кейін жабдықтаушы Шот төлеу бөліміне тапсырыс нөмірі және сатып алу тапсырысындағы шот жіберілетін ұйым көрсетілген шот-фактураны жібереді. Шот-фактураларды тапсырыста көрсетілген эл. поштаға жіберіңіз.

  • 3
    Жабдықтаушыға төленеді

    Өңделгеннен кейін inDrive Шөт төлеу бөлімі жабдықтаушыға шот-фактураның күндері бойынша және төлем шарттарына сәйкес төлейді. Сұрағыңыз болса, бізге procurement-team@indrive.com эл.поштасы арқылы хабарласыңыз.

Сұрақ-жауап

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалай inDrive жабдықтаушысы бола аламын?

Егер inDrive жабдықтаушысы болғыңыз келсе, осы беттегі "Жабдықтаушы болу" нысанын толтырыңыз, содан кейін біз сіздің ұсынысыңызды қарастырамыз.
Жабдықтаушы болу процесінің барысында сізден порталға кіру және мына құжаттарды тапсыру сұратылады:
• Компанияны тіркеу туралы куәлік (немесе балама заңды құжат)
• Салық идентификаторы куәлігі
• Банк шоты деректемелері (ресми хат немесе банк үзінді-көшірмесі)

Шот-фактура бойынша талаптарды қайдан табамын?

Жоғарыдағы «Шот-фактура жасау» бөлімінен шот-фактураны жасау процесі мен талаптары туралы толық нұсқауларды таба аласыз. Төлемдеріңіз уақтылы өңделуі үшін оны мұқият қарап шығыңыз.

Төлемді қашан және қалай аламын?

Төлем шарттары мен әдістері қызмет көрсету туралы жеке Келісіміңізде жазылған. Әдетте біз қызметтер немесе тауарлар жеткізілгеннен және дұрыс шот-фактура жіберілгеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде қызмет көрсетілгеннен кейін төлеу негізінде жұмыс істейміз.

Сатып алу тобына қалай хабарласуға болады?

Сұрағыңыз болса не қолдау керек болса, бізге эл. пошта арқылы хабарласа аласыз:

procurement-team@indrive.com.

Біздің топ сұрағыңызға мүмкіндігінше тез жауап береді.

Жабдықтаушы болуға өтінім беру

inDrive-пен жұмыс істегіңіз келе ме? Әлеуетті жабдықтаушылар дерекқорына қосылу үшін өтінім беріңіз