Өз шарттарыңызды ұсынып,
бізбен бірге жұмыс жасаңыз
Неліктен жүргізушілер бізді таңдайды
Бағаны бақылау
Жолаушы ұсынған баға көңіліңізден шықпаса, өз бағаңызды ұсыныңыз
Бағытты алдын ала көру
Тапсырысты қабылдамас бұрын жүру бағытын көріңіз
Таңдау еркіндігі
Қанша тапсырыстан бас тартсаңыз да, айыппұл салынбайды. Өзіңізге ыңғайлы уақытта жұмыс істеп, таңдау еркіндігін сезініңіз
Қауіпсіздік және қолдау
Қолданбада қолдау қызметі 24/7 қолжетімді, сондай-ақ сапар кезіндегі қауіпсіздік мүмкіндіктері мен жедел көмек шақыру функциясы бар
Жиі қойылатын сұрақтар
Жүргізушілерге қандай талаптар қойылады?
• В санатындағы жүргізушілердің кемінде 3 жылдық, ал D санатындағы жүргізушілердің кемінде 5 жылдық тәжірибесі болуы қажет.
• Жасыңыз 25-тен кем болмауы тиіс.
• Кез келген микроавтобус жүргізушілерінде тасымалдауға арналған лицензия болуы қажет.
Телефон нөмірімді ауыстырдым, енді аккаунтыма кіре алмай тұрмын
Қолданба арқылы бізбен хабарласыңыз немесе support@indrive.com мекенжайына хат жіберіңіз: мәселені нақтылап, inDrive аккаунтыңызға тіркелген ескі телефон нөмірінізді көрсетіңіз.
inDrive профиліндегі фотомды қалай өзгертуге болады?
Аккаунтыңыз бен аты-жөніңізді көрсетіп, support@indrive.com мекенжайына жаңа фотосуретпен бірге сұраныс жіберіңіз.
inDrive аккаунтымды қалай жоюға болады?
Аккаунтты жою туралы еркін нұсқада жазылған өтініштің скан-көшірмесін support@indrive.com мекенжайына жіберіңіз. Жеке шотыңызда пайдаланылмаған қаражат қалса, қалған соманы қайтару туралы өтініштің скан-көшірмесін және банк деректемелерін хатқа тіркеңіз.